Қамақоршылар кеңесі

Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов - Қор құрылтайшысы 

«АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.  Еуразиялық нарық институтының экономика және басқару Академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы, ал Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Өндірістік компанияларды және бизнесті басқару саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.  «Alliance – өмірді сақтандыру» және «Альянс Полис» сақтандыру компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы.  «Дом мамы» қайырымдылық жобасына атсалысып, өңірдің бетке ұстар ең ірі бұқаралық спорт шарасы «Алматы Марафонын» ұйымдастыратын «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы. «YPO Kazakhstan» ұйымының мүшесі.  

 

Қазақтың көрнекті ғалымы және саяси қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтың ісін жалғастырып келе жатқан Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бастаушысы және негізін салушы.  

 

 

Айжан Есім

Қордың негізін қалаған құрылтайшылардың бірі. Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрайымы. EU Business School (халықаралық бизнес және маркетинг) және University of Westminster (маркетингтік коммуникациялар) жоғары оқу орындарының сәйкесінше бакалавриат және МА дәрежелерінің иегері.  Сорбонн-Қазақстан институты магистратурасын «жаһандану жағдайларындағы халықаралық диалог» бағытында бітірген және «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Абай атын. ҚазҰПУ түлегі.  Қазақстан Республикасы аумағында экономиканың түрлі секторларындағы бизнес-жобалар мен старт-аптарды іске асырумен, дамытумен және сүйемелдеумен айналысатын компаниялар тобының инвесторы.  Халықаралық «Алматы Марафонының» бастамашысы және негізін қалаушы.

 

 

Серік Ахметжанұлы Аханов

2015 жылдың мамыр айынан бастап Қамқоршылар кеңесінің құрметті мүшесі. 

Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Мемлекеттік органдарда және қаржы секторында айтарлықтай үлкен тәжірибесі бар. ҚР Президенті жанындағы Экономикалық кеңесшілер Кеңесі  басшысының орынбасары, экономика министрінің Бірінші орынбасары, Шетелдік инвестициялар бойынша ұлттық Агенттігінің Төрағасы, Ұлттық банк Төрағасының орынбасары,  ҚР қаржы министрінің Орынбасары қызметтерін атқарған. 

 

«Социально-экономическая эффективность общественного производства в условиях интенсификации», Алма-Ата (1985), «Эффективность общественного производства» Москва (1987), «Национальный капитал» Алматы (2010) және тағы да басқа кітаптардың авторы.  Сонымен қатар 100-ден астам макроэкономика және қаржы секторы бойынша ғылыми басылымдардың авторы. Қызметі және биографиясы туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтемелерге өту арқылы көре аласыздар: Wiki, Biografia, Academic. 

 

 

Ералы Болатович Сауранбаев

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Мемлекетттік Басқару Академиясын «Қаржыгер» мамандағы бойынша, Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын «Юрист» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы бойынша Ұлыбританияның Дарем Университетінің «Қаржы және салым магистрі» дәрежесінің иегерушісі.

 

Коммерция және қаржы саладарында 1998 жылдан бастап АҚ «Банк ТуранАлем» және ABN AMRO Asset Management компанияларында құрылымдық бөлімшелердің басшысы қызметін атқарды. 2006 жылдан бері «SHEBERBUILD» құрылыс компаниясын басқаруда.  Осы жылдар ішінде «SHEBERBUILD» компаниясы бастаған Алматы қаласындағы «2-ші Алтын Бұлақ», «АФД Плаза», «Шахристан» сияқты тұрғын үй кешендері мен басқа да жобалар жүзеге асырылды.  Осы таңда «Мирас Парк» және «Достық Резиденс» тұрғынүй кешендері қолданысқа тапсырылуға дайындық барысында.  «Болашақ» қауымдастығы мен ҚР Қала құрылысшылары одағының мүшесі; Қазақстанның жас мамандарының инновациялық бастамаларын әр-түрлі бағдарламаларға ат салысу арқылы қолдауда. 

 

 

Эльдар Абдулхаметович Ахметгалиев

Mocap Analytics компаниясының ортақ құрылтайшысы әрі сандық деректер маманы, Канаданың Саймон Фрейзер университетінің адьюнкт-профессоры. Білімі: 2015 – Caltech - Калифорния технологиялық институты (PhD), 2009 - Мәскеу физико-техникалық институты (бакалавриат, магистратура).

 

Қолданбалы және есептеуіш математика саласында, атап өткенде сандық әдіс пен интегралды теңдеулер қолдану арқылы шашырау және спектрлі мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулер жүргізуде. Төрт мақалаға ортақ автор және бір патенттің авторы. Доктарантурада оқып жүрген кезінде Mocap Analytics - спорттық аналитика, үлкен көлемдегі мәліметтер мен жергілікті мәліметтерге негізделгенбаскетбол, американдық футбол, бейсбол секілді спорт түрлерінде машиналық оқытуды қамтитынстартапының негізін қалады.