Сарапшылар кеңесі

1. Ринат Искаков – Сатпаев университетінің академиялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық Проректоры, ҚБТУ химиялық инженерия ҒБО жетекшісі.

 

2. Арман Сулейменов – Zero To One Labs және nFactorial Academy негізін қалаушы және бас директоры, Принстон университетінің түлегі.

 

3. Алмагүл Жанайдарова – Materials Science/Chemistry бағыты бойынша Сан Диегодағы Калифорния университетінің философия докторы ғылыми дәрежесіне кандидат. 

 

4. Тілектес Адамбеков – “Astana Invest” ЖШС бас директорының орынбасары, Тунцзи университетінің (Қытай) түлегі.

 

5. Олжас Сулейменов – "SHEBERBUILD" құрылыс компаниясының Бас директоры. "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Тунцзи университетінің (Қытай) түлегі. Шанхай қаласында өрттен зардап шеккен балаларға көмек үшін қан тапсыру алғашқы халықаралық қайырымдылық акциясының ұйымдастырушысы.   

 

6. Ерлан Идельбаев – Мерседтегі Калифорния университетінің электрондық инженерия және компьютерлік ғылымдар департаментінің Ph.D студенті, Зерттеулерінің бағыты: машиналық оқыту, бейсызықтық оптимизациялар, нейрондық желілер, нейрондық желілердің сығылуы.

 

7. Алексей Георгиевич Зазыбин – Ph.D, химиялық ғылымдар кандидаты, Сатпаев университетінің және Қазақстан-Британ техникалық университетнің профессоры.

 

8. Нұрлыбек Қасымов – Ph.D, Боулдердегі Колорадо университеті, үлкен көлемді ақпаратты өңдеу және талдау облысындағы бағдарламашы. 

 

9. Эльдар Ахметгалиев – Mocap Analytics компаниясының негізін қалаушыларының бірі, Sportradar мәліметтері бойынша аға маман. Калифорния технологиялық институтының түлегі  (Ph.D).

 

10. Сағынкүл Еркімбекова – North Caspian Operating Company компаниясының өндірістік процесстер инженері. “Органикалық заттардың химиялық технологиясы” мамандығы бойынша Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген. 

 

11. Нұрлыбек Мурсали - PhD кандидаты, Стэнфорд университеті (Stanford University). «Биотехнологиялар» мамандығы бойынша Вирджиния штатының Джеймс Мэдисон Университетінің бітірген, бакалавр. Қазіргі кезде бағаналық жасушалар және эмбриологияны зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.