Стратегиялық бағыты

Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру Қоры – 2013 жылы ең үздік меценаттық дәстүрлерді негізге ала отырып, Қазақстандағы Жоғары білімді, ғылымды және инновацияны дамыту мақсатында құрылған ғылыми-білім беру қоры. Қор жұмысы ашық әріптестік ұстанымдарына, іске асырылатын бағдарламалардың ашықтығына және пайдалы қызметтер коэффицентінің тиімділігіне негізделген. 

 

Қызметтің стратегиялық бағыты:

 

БІЛІМ: 

Келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, білім беру бағдарламаларын іске асыру:

1. Қазақстандық мамандардың геология, мұнайды және газды барлау, энергетика, экология, қосалқы мамандықтарда және менеджментте бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру. 

2. Ғылымды дәріптеу және оқуды насихаттау, интеллектуалды шама деңгейін көтерудің бір құралы ретінде.  

3. Гранттарды беру және академиялық алмасу арқылы, қазақстандық оқу орындарының шет елдердегі ғылыми мекемелерімен және жоғарғы мектептерімен байланысын дамыту.

 Бағдарламалар:

1) Ш.Есенов атындағы КМИТУ студенттерін ағылшын тіліне оқыту бағдарламасы;

2) Ш.Есенов атындағы КМИТУ оқытушыларын ағылшын тілін коммуникативті әдіс арқылы сабақ беруге оқыту бағдарламасы; 

3) Кітап баспасы «Қарйымдылықтың бәрі – ақиқат», (Атлас);

4) Академиялық алмасуға арналған грант бағдарламасы;

5) Ш.Есенова атындағы шәкіртақы бағдарламасы.
 

ҒЫЛЫМ:

Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және төменде көрсетілген мақсаттарға жетуге бағытталған бағдарламалар шеңберінде гранттар ұсыну:

1. Инновациялық технологиялардың тың әзірленімдерімен айналысатын, қазақстандық табиғи ресурстардың сандық және сапалық өлшемдерін және олардың тиімді қолданылуын  зерттейтін Қазақстан үшін бірегей форматтағы зертханалар құру.

2. Жер қойнауынан пайдалану, энергетика мен экология саласында қарқынды және инновациялық өндіру әдістерін енгізу және оларды кейін іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.

3. Ұлттық ғылыми мектептерді қалыптастыру мақсатында талантты жастарды іздеп табу, іріктеу және қолдау көрсету.

 Бағдарламалар:

1) Yessenov Labs; 

2) Коммерциализациялау және ғылыми зерттеулерді көтеру бағдарламасы;

3) АҚШ зертханаларында машықтану бағдарламасы; 

 

РЕСУРСТАР: 

1. Сапалы кадрлық капиталды дамытудың әдістемесін құру;

2. Жетекші ғылыми ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындардың кадрлық құрамын іс жүзінде жақсарту;  

3. Еріктілер институтын дамыту және волонтерлік бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігін арттыру.

 Бағдарламалар:

1) Студенттерге және жас мамандарға арналған жеке тиімділікті арттыру бағдарламасы;

2) «Komanda SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығы;

3) «КоМеТа» кадрлық қор бағдарламасы;

4) «Бапкерлер мектебі» жобасы;