2 ЖЕҢІМПАЗ «ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНАН»

31 наурызда және 1 сәуірде Алматыда Геологтар күніне және көрнекті қазақстандық геолог, практик және ғылым ұйымдастырушысы – Академик Есеновтың 90 жылдық мерейтойына орай геологтар арасында шахмат турнирі болып өтті.

2 ЖЕҢІМПАЗ «ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНАН» 

Турнир Қ. СәтПаев ат. ҚазҰЗТУ-да өткізілді. Оған қатысуға еліміздің түрлі өңірлерінен 50-ден астам шахматшы өтінім жіберді. Нәтижесінде олардың ішінен 37 шахматшы турнирдің басталуына Алматыға келді. Турнирге ұлттық төреші Қазбек Тукубаев басқаратын топ төрешілік етті.

 

Жарыстың бас жүлдесін – 450 мың теңгені - Марат Жоламанов жеңіп алды, ал «Ш.Есенов мемориалының» күміс жүлдесіне және де 250 мың теңгеге Айдар Баймолдинов ие болды. Сөйтіп, турнирдің бірінші орындардың екеуі де «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы жанындағы «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ның мамандарына бұйырды. Ал үшінші орын қазірде зейнеткер, ал кезінде ҚазҰЗТУ-ды оқып бітірген, турнирдің ақсақал-қатысушысы, Бекет Жароковке берілді.

 

— Турнир сәтті өтті. Геолог күні қарсаңында бізге бүкіл Қазақстаннан бұл кәсіптің өкілдерін біріктіруге сәті түсті. Бізге тіпті Қызылорда облысы Шиелі ауылынан, сол жерде тұрған «Волковгеология» экспедициясында жұмыс істейтін бір шахматшы келіп, турнирге қатысты. Жарыстарға ҚазҰЗТУ студенттері, сондай-ақ жұмыс істейтін геология мамандары мен ардагерлері қатысты, - деп түсіндірді Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бағдарламалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

 

Турнирдің ұйымдастырушысы – Академик Шахмардан Есенов атындағы қор. Қазақстандық шахмат федерациясы да аталған іс-шараны өткізуге өз көмегін көрсетті.