20 СТУДЕНТ ЕСЕНОВ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Шахмардан Есенов шәкіртақысының иегері болып Қазақстанның жоғары оқу орындарында геологиялық және ілеспе, сондай-ақ техникалық, инженерлік және ІТ мамандықтары бойынша білім алатын 20 ең табысты жас студент атанды.

20 СТУДЕНТ ЕСЕНОВ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ 

5 сәуірде Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының шәкіртақылық бағдарламасының конкурсы аяқталды. Оған бакалавриаттың, сондай-ақ магистратураның білім алушылары қатыса алды. Конкурсқа еліміздің 55 жоғары оқу орнында оқитын студенттерден 400-ге жуық өтінім жиналды. Олардың арасында, Гумилев ат. Еуразия университеті, Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Назарбаев университеті, Қарағанды технологиялық университеті, Дулати ат. Тараз мемлекеттік университеті және Халықаралық Ақпараттық технологиялар университеті секілді жоғары оқу орындары бар.

 

— Конкурсты біз 2 тур бойынша өткіздік. Ең алдымен оқушылар өтінімдер бойынша іріктелді. Бұл кезеңде академиялық үлгерім, жетістіктер және уәждемелік жүгіну есепке алынды. Екінші кезеңге 42 адам өтті. Олармен біз топтық пікірсайыстар өткіздік, оларға ауызша және жазбаша жеке тапсырмалар бердік, сондай-ақ жастар топтарға бөлініп жұмыс істеді, - деп хабарлады қордың бағдарламалар үйлестірушісі Ильзира Алдагарова.

 

Нәтижесінде 20 стипендиант іріктеліп алынды. Жеңімпаздардың арасында ҚБТУ, ҚазҰУ, ХАТУ, ҚазҰЗТУ, Серікбаев ат. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің және Ш.Есенов ат. Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің, Шәкәрім ат. Мемлекеттік университетінің (Семей) және Әуезов ат. Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің (Шымкент), Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетінің білім алушылары бар. Келесі айдан бастап және 2018 жылдың 30 сәуіріне дейін барлық жеңімпаздар ай сайын өзінің бюджетіне 25 мың теңге түрінде қосымша қаражат алып тұрады – Ш. Есенов шәкіртақысының мөлшері осындай.

 

Дулати ат. ТарМУ-да бейорганикалық заттардың химиялық технологиясын зерттеп жатқан конкурс жеңімпазы Ксения Каршева өзінің алған әсерлерімен бөлісті:

— Мен үшін екінші турға ілігу үлкен абырой. Конкурстың финалдық кезеңінің өзі де өте қызықты болып өтті. Мен іскерлік ойынға алғашқы рет қатысып отырмын. Мен үшін бұл пайдалы тәжірибе, себебі қазіргі таңда, менің естуімше, бұл әдіс жұмысқа қабылдау кезінде өте жиі қолданылады. Есенов шәкіртақысы мен үшін ең бастысы бүгінде менің жүргізіп жатқан жұмысымды жалғастыруға мүмкіндік береді. Мен құс шаруашылығының құрамында керотин бар қалдықтарының негізінде органоминералдық тыңайтқыштарды әзірлеу үстінде жұмыс істеп жатырмын. Бұл тыңайтқыш Қазақстаның топырағын құрылымдауға көмектеседі, себебі еліміз үшін бұл іс жүзінде шешімін таппай жүрген, өте өзекті проблема болып табылады. Бізде үлкен көлемде қолданылмайтын, қымбат тұтатын шешімдер де бар. Ал менің ұсынып отырғанынм – бұл қалдықтарды өңдеу проблемасының шешілуіне жәрдемдеседі және де топырақ үшін экологиялық таза тыңайтқыш проблемасының шешімі. Сондықтан стипендия мен үшін – бұл үлкен қолдау.

 

Шәкіртақыға есімі берілген Шахмардан Есенов – белгілі қазақстандық геолог, теоретик және практик, ғылымдар ұйымдастырушысы, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанның геология министрі және Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті.  Биылғы жылы Қазақстанда оның 90 жылдық мерейтойы аталатын болады.