ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: САРАПШЫЛАР!

«АҚШ-тың ІТ-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасының конкурсы аяқталуға жақын. Жақын арада Кремний алқабында жарты жылға тәжірибе жинауға аттанатын ең үздік бестікті жариялаймыз. Біз қорда 2 кезең қатысушыларын іріктегеннен кейін, жұмысқа сарапшылар кірісті. Олар кімдер?

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: САРАПШЫЛАР!

 

Танысайық! Ерлан ИдельбаевМерседтегі Калифорния университетінің студенті (PhD), зерттеулерінің бағыты: машиналық оқыту, бейсызықтық оптимизациялар, нейрондық желілер, нейрондық желілердің сығылуы. Нұрлыбек ҚасымовБоулдердегі Колорадо университетінің түлегі (PhD), үлкен көлемді ақпаратты өңдеу және талдау облысындағы  бағдарламашы. Қарлығаш Жүгінісова Purdue University түлегі, Make School-да Lead iOS Instructor болып табылады, Неха стартапында жұмыс істейді. Эльдар АхметгалиевМФТИ және Caltech түлегі, қордың Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Mocap Analytics компаниясының негізін қалаушыларының бірі, Sportradar-да мәліметтер бойынша аға маман. 

 

Сарапшылардың бірі Нұрлыбек Қасымов:

— Жаңа ғана конкурсқа қатысушылармен сұхбаттасуды аяқтап, балалардың білім деңгейіне сүйсіне таң қалдым. Тағы қосарым, 2 кезең қатысушыларын іріктеген қор қызметкерлері тамаша жұмыс атқарған, оларға рахмет айтқым келеді. — деп бөлісті.  

 

Сарапшылар өздерінің жұмысын бітірген соң (шамамен 20 қараша), олар іріктеуден өткен барлық конкурс қатысушыларының резюмесі және портфолиосы бар хаттарды стартаптарға жібереді. Қызығушылық танытқан стартап жетекшілері ақырғы сұхбаттарды жүргізіп, өзіне ұнаған тағылымгерді таңдайды. Желтоқсанның басында конкурстың жеңімпаздарын білетін боламыз.