ЕСЕНОВ АТЫН. ҚОР ҮЕҰ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ БАСЫП ШЫҒАРДЫ

Алматыда академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры «Қазақстандағы ҮЕҰ және волонтерлік» нұсқаулығын басып шығарды. Басылымның негізгі мақсаты – қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға дамудыға, жаңа деңгейіне шығуға көмектесу, ең жаңа идеялар мен әдістерді қолдануға бағыттау.

ЕСЕНОВ АТЫН. ҚОР ҮЕҰ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ БАСЫП ШЫҒАРДЫ

 

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры Қазақстанның ҮЕҰ және волонтерлеріне арналған нұсқаулықты басып шығарды. Мұнда волонтерлерді іздеу және оқыту, жобалық менеджмент, фандрайзинг және басқа да коммерциялық емес секторға өзекті мәселелер туралы ақпарат бар.   

 

— Бұл үшінші басылым, әрине, байыппен жетілдірілген және толықтырылған, - деп қордың жоба үйлестірушісі және релиз бастамашысы Григорий Ли атап өтті. – Басылымның негізгі мақсаты – қазақстандың ҮЕҰ-ға өзінің жұмысы әдістерін қоғамның осы секторындағы ең соңғы тенденцияларға сәйкес жетілдіруге көмектесу.  Қазіргі кезде әлемде барлығы өте жылдам өзгеруде, кейбір құралдар ескіреді, ал басқалары, керісінше, жетіліп, өзінің тиімділігін дәлелдейді.  Мұның бәрі жаңа нұсқаулықта көрсетілген. Ол пайда әкелетініне, коммерциялық емес ұйымдарға өзінің миссиясын аса тиімді орындауға көмектесетініне үміттенеміз, - деп қорытындылады. 

 

Нұсқаулықты жазуда «Қазақстанның азаматтық альянсы» және «Ұлттық волонтерлік желі», «Komanda SOS» волонтерлерді үйлестіру орталығы және ICNL (Коммерциялық емес құқық халықаралық орталығы) сияқты ұйымдар, сонымен қатар, Ирина Ким және Ирина Найденова сияқты осы саладағы сарапшылар атсалысты.   

 

Нұсқаулық дайын болғаннан соң, оның мәтіні Қазақстанның ҮЕҰ-қозғалысының танымал қайраткерлері –  Асия Ахтанова («АРДИ» инвалид-балалардың ата-аналарының ассоциациясы), Алма Бекпан («Рух» қоғамдық бірлестігі) және Аружан Саинға («Қайырымдылық» Ерікті Қоғамы») рецензиялауға жіберілді. Одан кейін басылымда  алынған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып редакцияланды. 60 көшірме тиражымен шығарылған оның басылымдық нұсқасы Ұлттық волонтерлік желі арқылы таратылды. Ш.Есенов атындағы қордан сұратуға, немесе ұйымның сайтынан электронды нұсқасын көшіріп алуға болады.

 

— 2016 жылдың желтоқсанында Қазақстанда «Волонтерлік іс-әрекет туралы» Заң қабылданған болатын. Осы нұсқаулықта Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс, волонтерлік бастамалардың түрлілігі, волонтердерді ҮЕҰ іс-шараларына және басқа мәселелерге қатыстыру  туралы құнды және өзекті ақпарат бар.  Біз Ш.Есенов атындағы қордың авторлар командасын, «Қазақстанның ұлттық волонтерлік желісін», біздің барлық серіктестерімізді және волонтерлерді нұсқаулықты дайындауға қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз, - деп нұсқаулықтың шығуына Орталық Азия бойынша БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Дмитрий Фрищин пікірін білдірді.

 

Еске сала кетейік, 2009 жылдың наурызында Алматыда волонтерліктің дамуы бойынша семинарға қатысу үшін қазақстандық ҮЕҰ 32 өкілі жиналды. Семинар нәтижелері бойынша алғашқы «ҮЕҰ арналған нұсқаулық» шығарылған болатын, ал 2010 жылдың сәуірінде 70 ҮЕҰ жетекшілері жиналған болатын. Волонтерлік лагерь кезінде жиналған ұжымдық кемеңгерлік және жаңа идеялар 2012 жылы шығарылған волонтерлермен жұмыс жасау бойынша нұсқаулықтың екінші басылымын жетілдіру кезінде қолданылды.