Қайрат Тілеген

Сүлеймен Демирель Университетінің инженерия мен жаратылыстану ғылымдары факультетінің 20 жастағы студенті Spencer’s Laboratory (University of Delaware) зертханасында Херберт Таннер профессорының тағылымдамасынан өтті. Ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ маман оның қалай өткенін айтып береді.

Қайрат ТілегенҚайрат Тілеген 

1. Сіз ақпараттық технологияларға қызығушылық танытып, бұл кәсіпті қалай таңдадыңыз?

Барлығы ойындардан басталды, ал кейін өмірде әдетте жиі болатындай, бәрі өзінен-өзі болып шықты. Мен бірінші сыныпта оқып жүрген кезде, ата-анам компьютерлік клуб ашты, мен оған жиі барып тұрдым, ал уақыт келе мен компьютерлерді бөлшектеп, жөндей бастадым. 8-сыныпта мен С++ компьютерлік тілімен таныстым, сол кезде өзімнің бірінші бағдарламамды жаздым. Мектепті бітірген соң мен өз болашағымның міндетті түрде ІТ-мен байланысты болатынын нақты білдім.

 

2. Қордың грантқа арналған конкурсында ең киыны және ең қызықтысы не болды? 

Мен үшін екінші тур қиын әрі қызықты болып өтті, мұнда ҚБТУ және басқа да жоо-лардың үздік студенттері жиналды. Осындай тәжірибелі жастар арасында ерекше бөлініп шығу маған қиындық тудырды. Маған олар менен гөрі жақсырақ болып көрінді. Әңгімелесу кезінде мұндай тағылымдар үшін мен тым жас емеспін бе деген провокациялық сұрақтар мені тұйыққа тіреді. Бірақ-та мен конкурстың финалына шығып, мұны да еңсердім.

 

3. Тағылымдама қалай өтті?

Мен АҚШ-қа ұшып келген соң, профессор Таннер маған қашықтықтан басқарылатын роботтармен бірнеше жобаларды бірден ұсынды. Мен NAO есімді роботты таңдап, оны оңайлықпен басқару үшін, оған бағдарлама жаздым. Алғашқы 2 айда мен зертханаға күнде барып, бұл жобамен жұмыс істеп жүрдім. Ал тағылымдаманың үшінші айында машиналық оқытумен және дрондармен байланысты басқа да жобалардың зерттеуін бастадым, Machine Learning and Drones зертханасының зерттеулерін байқап жүрдім.

 

4. Сіз қандай тәжірибе алдыңыз, тағылымдаманың Сізге қандай көмегі тиді?

Тағылымдама менің ой өрісімді кеңейтті. Американдықтар өз зерттеулерінде пайдаланатын нәрселер қазіргі таңда барлық адамдарға қол жетімді. Оларды тек дұрыс пайдалануды үйрену қажет. Біз зертханада істеген барлық жұмыстарымыз Google сервистері арқылы қол жетімді болды. Тағылымдамадан өткен соң Қазақстанға келіп, мен өзімнің университетіме арналған MagicBox және SmartEcoLamp жобаларымен жұмыс істеуді бастадым. Жобалар ғаламтордың немесе Wi-Fi жергілікті желінің көмегімен барлық құрылғыларды мобильді қосымша және Telegram бота арқылы басқарумен байланысты. Мен өз келешегімді ІОТ-пен (Internet of Things, нәрселер ғаламторы) және ML-мен (Machine Learning, машиналық оқыту) байланыстырамын, себебі бұл болашақтың технологиялары. Сіз дауыспен немесе қосымшадағы батырмалармен мүлдем барлық нәрсені басқара алатыныңызды елестетіп көріңізші.