Дамир Темірәліұлы

Дамир Алматы қаласынан, жасы 23. Nazarbayev University студенті. 2016 жылдың жаз мезгілінде жас студент Цюрихте (ETH) орналасқан әлемнің ең үздік зертханаларының бірінде - Rehabilitation Engineering Laboratory - профессор Роджер Гассерттың басшылығымен тағылымдамадан өтті.

Дамир ТемірәліұлыДамир Темірәліұлы 

1. Таңдалған кәсібіңізге сіздің қызығушылығыңыз неден басталды?

Жанып кеткен үстел шамы, сынған велосипед, шкафтың қисайған есігі – мен бастапқы сыныптардың оқушысы болған кезімде бұлардың бәрін жөндеу керек болды. Бұл әдеттегі іс болып көрінсе де, алайда менің механикаға және электрикаға деген қызығушылығым осы қарапайым заттардан басталды. Физикалық-математикалық лицейге түскен кезден менің бағдарламалау сабақтарым басталып, мен олармен айналыса бастадым. Осыған менің ұстазым Сергей Львович Боржим өз үлесін қосты. Мен үшін ол тек өз пәнін жақсы көретін кәсіпқой бола тұра, әрі дана адам. Ол өз оқушыларымен өзінің бай өмірлік тәжірибесімен көп бөлісті және сол үшін мен оған алғыс айтамын. Жоғары сыныптарда мен Назарбаев Университетіне дәл керегі механика мен электрика және де электроника мен бағдарламалау кіретін «Робототехника және мехатроника» мамандығына қабылдау жүргізіліп жатқанын білдім. Биылғы жылы мен университетте оқуды аяқтаймын.

 

2. Тағылымдамаға арналған конкурста сіз үшін қызықтысы не болды?

Эссені жазған кезде мен университетте оқып жүрген кезімде көптеген қызықты жобаларға қатысқанымды жаздым. Бұл туралы бұрын соңды ойлаған емеспін. Ал ең қызығы мен үшін екінші тур болды. Біздер топтық сұхбаттасудан өттік, командалық тапсырмаларды орындадық. Біздің әрбір іс-әрекетімізді – мимикамызды, қитұрқы сұрақтарға жауап қайтаруымызды, басқалардың пікіріне құлақ асуды меңгеруді – осының барлығын конкурс барысында өз белгілерін жүргізген психологтар мұқият қадағалап отырды. Барлығы қызықты өтті, бірақ-та сол сәтте алаңдаушылық та болды: олар сенің жүріс-тұрысыңда қандай нәрсеге мән беретінін біле алмайсың ғой.

 

3. Тағылымдамаңыз не жайында болды?

Тағылымдаманың мақсаты VariLeg экзоқаңқадағы ауыспалы қаттылық жетегінің тиімділігін жақсартуда болды. Бұл моторларды қозғалысқа келтірудің көмегімен адамның қимылын жеңілдетуге мүмкіндік беретін механикалық-электрондық құрылғы. Ол адамдардың, мысалы инсультке шалдыққан адамдардың жүріс дағдыларын қалпына келтіру үшін медициналық оңалту мақсаттарында пайдаланылады. Осы швейцар университетінің қабырғаларына құрылғының бірегейлігі - онда адамның жүру мәнеріндей – табиғи жүрісті жаңғыртуға мүмкіндік ететін жетектер пайдаланылады, сонымен бірге дәстүрлі аналогтардан көрі энергия да айтарлықтай аз жұмсалады. Мен нақты жетек механизмінің электромеханикалық дизайнын жасау және іске асыру бойынша жұмыс істедім. Біз механизмдердің 4 моделін әзірледік, және олардың тұсаукесерін жасаған соң ең қолайлы концептіні бірлесіп таңдадық және оны соңына дейін жетілдіріп аяқтадық.

 

4. Тағылымдама сізге не нәрсеге қол жеткізуге көмектесті?

Тағылымдама кезінде мен біздің механизмде моторды бұғаттауға мүмкіндік беретін құрылғыны әзірледім және оның энергиялық тиімділігін 60%-ға ұлғайттым. Осыны жақсы жетістік деп санаймын. VariLeg роботы мұнда әлемнің түпкір-түпкірінен экзоқаңқалар көрсетілген Cybathlon 2016 жарысында сәтті өнер көрсетті. Ал ғылымнан тыс, маған Швейцарияның табиғатының таңғажайып әсемділігі мен тұрғындардың ұқыптылығы, педанттылығы, толеранттылығы өте ұнады. Швейцарияда адамдар жұмысты демалыстан нақты бөліп отырады. Менің ойымша, бұл зерттеу қызметі үшін мінсіз ел. Цюрихтен көп дос таптым, алайда отанға деген сағынышты басуда және өзімді үйдегідей сезінуде маған менің отандастарым көмектесті. Бесбармақ — ол Цюрихте де бесбармақ. Қазірде барлық уақытымды дипломдық жұмысыми арнап жатырмын. Әңгіме сфера тәрізді робот-тэнсегритті (өзектер мен арқандардан тұратын керілетін құрылым) әзірлеу туралы айтылады. Оның ерекшелігі үлкен биіктіктерден құлаған кезде, оның пішіні өзгермеуге тиісті, және де ол өзінің тапсырмасын орындауды жалғастыра отырып, әрі қарай қимылдауға қабілетті екенінде тұрады. Мені ETH Zurich оқуға шақырып жатыр, мұнда университетімді аяқтаған соң профессор Гассертпен жұмысымды жалғастыратын сияқтымын, алайда басқа да әлемдік жоғары оқу орындарынан шақыруларды күтудемін. Біршама өршіл жоспарым бар, бірақ-та олармен бөлісуге мен әзірше дайын емеспін.