ҚАЗАҚСТАНДА ШАХМАТТЫ ДАМЫТУ

ГЕОЛОГ КҮНІНЕ ОРАЙ ШАХМАТ ТУРНИРІ

31-ші наурызда және 1-ші сәуірде Алматыда «Шахмардан Есенов мемориалы» атты ашық шахмат турнирі өтеді. Турнирге қатысуға геология мамандығының студенттері, оқытушылары мен мамандары шақырылды.

 

Турнир биылғы жылы атап өтілетін, академик Есеновтың 90-жылдығын мерекелеу шеңберінде өтетін болады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн. 200 мың теңгені құрайды. Жарыс 9 турмен швейцариялық жүйе бойынша жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау басталды және ол 20-шы наурызға дейін созылады.

 

 

 

Толтырылған өтінімдеріңізді хаттың тақырыбында «Турнирге арналған өтінім» деген белгімен info@yessenovfoundation.org электрондық пошта бойынша күтеміз. Қосымша ақпаратты алу үшін бағдарлама үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұхановқа хабарласыңыз +7 727 346 92 88, +7 707 966 05 96.

 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ВЕБ-САЙТЫ

18 қаңтар күні Қазақстандық Шахмат Федерациясының (КШФ) жаңа веб-сайты іске қосылды.

 

Бұрынғыдай kazchess.kz мекен жайында қалатын ақпараттар легі мүлдем жаңа жолмен орналастырылса, ал сайт құрылымы әлемдік үрдістерге сәйкес орындалып, қолданушылардың сайтпен қарым-қатынасын барынша жақсарту үшін жеңілдетілді. 

 

Сайтты жаңа үлгіде жасау барысында федерация басшылығы мен шахматшылардың тілектері қабыл алынды. Тек шын мәнінде қажетті деген ақпараттар қалдырылып, сайтты парақтауды жүзеге асыру үшін барынша ыңғайлы негізгі бет мәзірі жасалынып, оңтайландырылған ақпарат мазмұны құрылды. Жаңартылған федерация сайтында бұрын соңды болмаған кез келген модульдерді енгізу мүмкіндігі де пайда болды. Қазақстан Шахмат Федерациясының қамқорлығымен өткізілетін кез келген жарыстар мен матчтардың тікелей трансляцияларын көру мүмкіндігіне ие болдық. Ресурс кез келген компьютер мен гаджеттерде дұрыс көру үшін бейімделген. Сайтты қолданушыларды әлеуметтік желілерге байлау арқылы, оған пікір қалдыру және өз парақшасында федерацияның ақпараттарын жариялау мүмкіндігі беріліп отыр. Оқиғалар күнтізбесі мен шахматисттердің рейтинг көрсеткіштерін ұсыну жолы жаңғыртылды. Көп ұзамай, сайтты қолданушылар үшін «демеуші болу» түймешігін басу арқылы федерацияға қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігі пайда болады.

 

Қазақстандық шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенконың айтып өткеніндей, «Жаңартылған сайт барлық соңғы талаптарға сай келетін және де федерация мүшелерімен, кәсіби шахматшылармен байланыстарды нығайтуға көмек беретін, Қазақстанның шахмат әуесқойлары шеңберін кеңейтуге, елімізде шахмат ойынын насихаттауға ықпал ететін және зор мүмкіндік беретін веб ресурс болады деген сенімдемін».

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________

Веб-торапты жаңарту жұмыстарын, Қазақстан нарығында өз қызметін 15 жыл бойы жүргізіп келе жатқан, веб-қызметтерді, сәулет және инфрақұрылымды жобалауда үлкен тәжірибеге ие Neolabs студиясы жүргізді. Олардың атқарған жұмыстарының ішінде төмендегілерді айтуға болады: Global Student Center, ASTEL, «Komesk-Өмір», V & A білім беру жобалары, Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Федерацияның тікелей ресурстық базасы қазіргі уақытта толықтырылып жатыр, сондықтан да біз оның құрылымы мен жұмыс істеуі туралы пікіріңізді естуге қуаныштымыз. Ол үшін сіз сайтқа кіріп жұмыс жасау барысын тексеріп көруіңізге болады және де ұсыныстарыңызды келесі пошталық адреске жібере аласыз: office@kazchess.kz

 

kazchess.kz