Есеновтік оқулар

Тұжырымдамасы:

«Есеновтік оқулар» қонақтық дәріс бағдарламасы - Алматы және Ақтау қалаларының жоғары оқу орындары базасында Қордың ұйымдастыруымен түрлі салалардағы белгілі мамандар өткізетін дәрістер курсы. Компаниялардың өкілдерімен өткізілетін қонақтық дәрістер студенттерге еңбек нарығының талаптары туралы неғұрлым нақты түсінік алуға, сонымен қатар өз мүмкіндіктерін түсінуге және өз әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.  

 

Бағдарламаның мақсаттары:
- Студентердің нәтижелі білім алуына қосымша мүмкіндіктер жасау
- Студенттердің ой-өрісін мен әлемнің көрінісін кеңейту, таңдаған мамандығы туралы тереңірек білім алу мақсатында түрлі салалардағы көрнекті мамандармен байланыста болуы үшін тұғырнама құру
- Студенттерді жан-жақты дамыту және жеке тиімділіктерін арттыру
 

Бағдарламаның міндеттері:

- Дәріс оқып және өз білімімен ақысыз бөлісуге дайын бірегей дәріс берушілер тобын қалыптастыру
- Болашақта динамиканы бағалау кезінде дәріс тыңдаушылардың тобын қалыптастыру 
 

2015 - 2016 ж. 

  

Журналист және баспагер Олег Хе («Iскер Медиа») студенттерді өз мансаптарын сәтті басқару қағидаларымен және де медия аясы жобаларымен таныстырды. Оның компаниясы апталық «Бизнес&Власть» газеті мен «РБК — Реальный Бизнес Казахстана» атты журналын басып шығарумен қатар www.and.kz веб-ресурсын жүргізумен айналысады. Дәріс менеджмент саласындағы американдық кеңес беруші және сарапшы Стивен Ковидің материалдары, сондай-ақ қазақстандық журналисттің өз жеке тәжірибесі негізінде жүргізілді

 

 

Нұрлыбек Мурсалиев - "Есеновтік оқулар"

Қазақстандық жас ғалым, әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарының бірі - АҚШ-тың Стэнфорд университетінің биология факультетінің студенті Нұрлыбек Мурсали (исправить на Мурсалиев) "Есеновтік оқулар" бағдарламасының аясында "Бағаналық жасушалардың сүтқоректілердің ерте сатыдағы эмбрионына ұқсастығы" атты өз зерттеуі жайлы дәріс оқыды. Тыңдаушылар - Асфендияров ат. ҚазҰМУ студенттері. 

 

  

Андрей Астахов - Тауашалы бизнестің дамудағы өзгешеліктері мен кәсіпкердің қоғам алдындағы жауапкершілігі – менің тәжірибем. Caravan Beverages Group (Pago, Vittel, Perrier) директоры, қайырымдылық Алматы Ротари Клубының президенті. 

 

 

Берік Калиуллаев пен Әсел Ежикова – Үлкен ғылым жолындағы 3 қадам

ҚазҰМУ студенттері қор гранты байқауынан өту және АҚШ зертханаларында өткен жазғы тағылымдамалары жайлы тәжірибесімен бөлісті.

 

  

Артем Якупов - ультрамарафоншы, триатлет, «Алматы Марафон» ұйымдастырушыларының бірі.  Жүгіруді қалайша бастап, ал ең бастысы оны тастап кетпеу үшін не жасау керегі жайлы өз тәжірибесімен бөлісті.

  

  

 

2014 - 2015 ж.

Бағдарлама аясындағы алғашқы дәрістер Қ.И.Сәтбаев ат. ҚазҰТУ-да және әл-Фараби ат. ҚазҰУ-да 2014 жылдың қыркүйек айында британдық ғалым-сейсмолог, профессор Джеймс Джексонмен бірге өткен.

Есеновтік оқулар

Осы дәрістердің нәтижесінде: 

- Университет ғалымдарымен тікелей байланыстар орнатылды.

Есеновтік оқулар

- Студент-докторант Бауыржан Құрманов профессор Джексонның зерттеу тобына шақырылып, Оксфордта тағылымдамадан өтті.

2015 жылдың ақпан-наурыз айларында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да дұрыс тамақтанудың тұжырымдамасы және ақылға қонымды физикалық белсенділік шеңберінде жеке тиімділіктің жаңа үрдістері туралы дәрісті салауатты өмір салты саласындағы сарапшы, спорт шебері, Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, пауэрлифтингтен, бодибилдингтен Қазақстанның көп дүркін чемпионы, Алматы Марафонының ұйымдастырушысы Валихан Тен берді.

Есеновтік оқулар 

2015 жылдың сәуірінде «Сорбонна Қазақстан» институтында (Абай атындағы ҚазҰПУ) испандық данышпан, «8 belts» методикасының мен «Los 88 Peldaños Del Éxito» кітабының авторы, «8 belts.com» жобасының ірге тасын қалаушысы Анчо Перес «Табысқа бастайтын 88 қадам» атты дәрісін берді.  

Есеновтік оқулар

Дәрістің бейнесі: